Сергей Кулагин мешітке барды

Аймақ
02.10.2014, 15:09

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласында салынып жатқан жаңа мешіт құрылысында болып, оны белгіленген мерзімінде іске қосудың негізгі мәселелерін пысықтап, талқылады.

Қазір жаңа мешіт құрылысында ауқымды жұмыстар атқарылды. Мешіт ғимаратының ішкі, сыртқы жұмыстары қызу жүргізілуде. Құрылысшылар мешіттің қалған екі мұнарасын қаптап, маңын абаттандыру үстінде. Құрылыс жұмыстарын «Алмат-Көкшетау» ЖШС қолға алған. Мердігерлер сөзіне қарағанда, қазір бұл жұмыстардың 94 пайызы орындалған.

Қазіргі кезде мердігерлерге Иран елінен мешітке қажетті 114 дана аспалы шам жеткізу үшін 5 миллион теңгеге жуық ақша қолбайлау болып отырған көрінеді. Осы ретте аймақ басшысы бұл қаржыны бірер күнде тауып беретін жеткізді.

Сонымен қатар облыс әкімі Сергей Кулагин құрылысшылармен ашық-жарқын әңгіме барысында жұмыс қарқыны, құрылыс материалдарымен, жалақымен қамтамасыз ету жайы туралы сұрастырып білді. Облыс басшысы қала тұрғындары, бүкіл мұсылман қауымы үшін аса маңызды бұл құрылыс нысанын салу барысында барлық құрылыс талаптарын сақтап, оның сапасына ерекше көңіл бөлу қажеттігіне назар аударды және мешіт құрылысы үнемі облыстық әкімдіктің бақылауында ұсталатындығын атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom