Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы талқыланды

Аймақ
26.07.2017, 19:28

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен мәжіліс жиынында «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.

 Жиында баяндама жасаған қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсыновтың айтуынша, қазіргі таңда «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Шымкент қаласында 7 мектеп және 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін республикалық бюджеттен 12 миллиард теңге бағытталған. Салынып жатқан 6 мектеп ғимараты биыл жыл соңына дейін, ал 558 пәтерлі 11 тұрғын үй ғимараты алдағы қыркүйек айына дейін пайдалануға тапсырылмақ.1501066135

Сала басшысы бағдарлама аясында несиелі қайтарма негізінде 4 жоба бойынша кәріз жүйелері салынып жатқанын жеткізді. «Самал», «Самал-2», «Солтүстік-Батыс» және «Қайтпас-1» шағынаудандарындағы 19 көшеге кәріз жүйелері салынып, нәтижесінде, 15 695 абонент қажеттілікпен қамтылмақ. Тиісінше, қала аумағын кәріз жүйесімен қамту жұмыстары 42-ден 49,1 пайызға ұлғайту мүмкіндігі туындамақ.

Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 371 тұрғын үйдің құрылысы үшін республикалық бюджеттен 7,8 миллиард теңге бағытталған. Оның 85-і биыл пайдалануға беріледі.

Сұхбат

PhotoRoom