Шымкентте «Дағдарыс орталығы» ашылды

Аймақ
01.08.2017, 10:52

Жаңа ғимаратта зорлық-зомбылыққа ұшыраған, зәбір шеккен отбасы мүшелеріне және жекелеген азаматтарға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар білім беру, заңгерлік кеңес алу, өзін-өзі еңбекпен, уақытша баспанамен қамту секілді қызмет түрлері де қарастырылған.


Мұнда қажетті құралдармен қамтылған психолог, мәдени тынығу, әлеуметтік, жатын бөлмелері бар. Онда психологтар, заңгерлер, әлеуметтік жұмыс бойынша консультанттар, дәрігерлер және бірқатар білікті мамандар қызмет көрсетеді.

Орталық ҚР «Қызыл ай» құрамында орналасып, «Қорғау-Астана» қорының әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асырылуда.


Айта кетейік, шараның ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, ҚР Бас Прокурорының арнайы істер жөніндегі аға көмекшісі Салтанат Тұрсынбекова қатысты.

Сұхбат

PhotoRoom