Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңына сәйкес, ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен ОҚО-да жүзеге асып жатқан «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасына орай Шымкент қаласында Медициналық-психологиялық оңалту орталығы» ашылды.
Салтанатты шараға Оңтүстік Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, ҚР Бас Прокурорының арнайы істер жөніндегі аға көмекшісі Салтанат Тұрсынбекова, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат қатысты.
Орталықта нарколог, психолог, психотерапевт және әлеуметтік қызметкерлер психобелсенді заттарды пайдаланушы азаматтарға медициналық-психологиялық коррекция жұмысын жүргізеді.
Сондай-ақ отбасылық агрессорларға психологиялық көмек беру, лабораториялық және инстурменталды әдістермен тексерулер жүргізу, соматикалық, неврологиялық, психикалық тұрғыда зерттеулер жасау және тағы басқа да қызметтер көрсетіледі.
Тек құзырлы органдардың жолдамасы арқылы қабылданатын орталық 20 төсек орынмен қамтамасыз етілген.
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Байытұлы баба көшесі, 9/14
Байланыс телефондары: 8 (7252) 45-00-92, 45-00-64
Қосымша мәлімет үшін жергілікті полиция қызметі 102 немесе Шымкент қаласы әкімдігінің Call-орталығы 545-545 нөмірлеріне хабарласуға болады.