«Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» жұмысын бастады

Аймақ
01.08.2017, 10:58

Шымкент қаласы әкімдігінің Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығының жанынан ашылған «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» орталығында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету, сүйемелдеу бағыттары бойынша жұмыс жүргізіп, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі.

Орталықта зәбір шеккен, зорлық-зомбылықтың тауқыметін тартқандар және керағар діни ағым жетегінде кеткендерге психологиялық қолдау көрсетеді. Сонымен қатар қызмет алушыларды қабылдау, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында және ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек алу, қызмет алушыларды тыңдау, әңгімелесу, белсендігін арттыру қызмет түрлері көрсетіледі.

Мұнда Интернет желісі арқылы сұхбаттасу, кеңестер алу қызметі де қарастырылған.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, «Самал-3» шағынауданы, Әл-Фараби көшесі, 1928/1.

Байланыс телефондары: 8 (7252) 39-39-07.

Қосымша мәлімет үшін жергілікті полиция қызметі 102 немесе Шымкент қаласы әкімдігінің Call-орталығы 545-545 нөмірлеріне хабарласуға.

Сұхбат

PhotoRoom