ЭКСПО-2017 көрмесін бүгінгі күнге дейін 67 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық тамашалаған

Аймақ
01.08.2017, 11:16

Еліміздегі айтулы шара - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі көптің көзайымына айналып отыр. Осы уақытқа дейін Астанаға 1,5 миллионнан астам адам ат басын бұрған. Айту керек, туристердің 67 мыңнан астамы - оңтүстікқазақстандықтар... Бұл – ресми тіркеліп, демеушілер көмегімен көрме қызығын көргендері ғана. Өз қаржысымен барып-қайтқандары қаншама?! Бүгін Шымкенттен отырарлық Әнуар Сейтжан қария жолға шықты. Бұл туралы Қазақстан-Шымкент телеарнасы айтты.ac4813d5d0fc0895aaa7eba4c06273d7_L

Әнуар ақсақал - Отырар ауданының құрметті азаматы. 40 жылдан астам өмірін ауыл шаруашылығы саласын көркейтуге арнаған еңбек адамы. Өзі туып-өскен кеңшарды басқарып, қаржы саласында да қажырлы еңбек еткен. Он баланың әкесі бұл күнде ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере шөберенің қызығына кенелуде. Қария бүкіл әлем тамсана қараған еліміздегі  көрмеге немерелерін ертіп баруды жөн санаған.

Айтулы шараға аттанғалы жатқан ақсақалға ақ жол тілеп, ағайыны да келді. Ағаларының игі бастамасын інілері жақсылыққа балап отыр. Өздеріне өнеге санайды.

Еңкейген қарт та, еркелеген бала да өз елінің патриоты болған абзал. Қолда бар алтынның қадірін біліп, өзімізді өзіміз бағалау керекпіз, –дейді отырарлық ақсақал. Шойын жолмен  Шымкенттен Астанаға тағы да керуен аттанды. Сол көштің ішінде жеті немересін ерткен Әнуар ақсақал да бар. Жерлестеріміз жеті күн бойы небір кереметке куәгер болады. Ата мен бала, немере арасындағы ұрпақтар сабақтастығын бекемдейді. «Қарты бар үй – қазыналы» деген осы...

Сұхбат

PhotoRoom