Түркістандық 20 қария ЭКСПО көрмесін тамашалауға аттанды

Аймақ
09.08.2017, 16:19

Әлем назары ауған «ЭКСПО» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалаушылардың қатары күн санап артып келеді. Елдегі жетістікті бас қалаға барып, көргісі келген түркістандық бір топ ардагер жолға шықты. Арқа төсіндегі арман қалаға бет алғандарды қала әкімі арнайы шығарып салып, сәт-сапар тіледі.ac4813d5d0fc0895aaa7eba4c06273d7_L

Астанаға сапарға аттанғандардың ұзын ырғасы – 20 қария. Олар Түркістанды түлету жолында аянбай еңбек еткендер. Рухани шаһардың мәдени тұрғыда дамуына да күш салғандар.

«Қазақстан егемендік алғалы бері көптеген жаңалық болып жатыр. Соның бірі – «ЭКСПО». Біз соны энергияны көруге павильондарды аралауға бара жатырмыз. Қандай жаңалық болып жатқанын көзімізбен көретінімізге қуаныштымыз»,-Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құрманбек.

Елордадағы ел жаңалығын көруге бет алғандардың бар шығынын қала әкімдігі көтеріп отыр. Көрме билеті де демеушілер есебінен алынған. Өз кезегінде шаһар басшысы елімізде қолға алынған игі бастамаларға ерекше тоқталып, ондағы қарттардың рөлін саралады.

Халықарылық көрмені тамашалауға бір Түркістан шаһарының өзінен 15 мыңға жуық азамат барады деп жоспарланған. Бүгінде меже 100 пайызға орындалып отыр. Ақсақалдардың сапары сәтті болуын тілеген жерлестері делегацияны әсем әннің жетегінде шығарып салды.

 

Сұхбат

PhotoRoom