БҚО-да орташа жалақы 103 мың теңге

Аймақ
03.10.2014, 11:30

 

Экономиканың өсуі халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді. "Осы жылдың жеті айы ішінде халықтың нақты ақшалай кірістері 3,2%, нақты еңбекақы 4,2% өсті, атаулы еңбекақы 9,6% ұлғайып, 103 мың теңгеден асты" дейді облыс әкімі Н. Ноғаев.

Оның айтуынша, биыл 7765 жұмыс орны ашылыпты. Жұмысқа орналасқандар саны 20,5%-ға өсті (8 349 адам), оның ішінде«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 1,6 есеге (4 272 адам).

"Жастар тәжірибесіне 1262 адам жолданды, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 1097 адам. Осылайша, облыс экономикасына тұрақты даму тенденциясы тән" дейді БҚО әкімі.

 

Сұхбат

PhotoRoom