Ғажайып ЭКСПО көрмесі

Аймақ
03.08.2017, 13:31

Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданның 12-16 жас аралығындағы 150 оқушы Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрме орталығын тамашалап қайтты. Сәні мен сәулеті жарасқан әсем қала Астанаға барып қайтқан балалар таңданыстарымен қуаныштарында шек жоқ.Көрме орталығында болған оқушылар  - әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік ғылыми, технологиялық, мәдени жетістіктерін көрсетіп және ел мәртебесінің биікке одан әрі самғап жатқандығы туралы достарымен ой бөлісіп, қызықты жобалар туралы айтып берді.IMG-20170730-WA0039

Әлем назарын аударған «ЭКСПО-2017» көрмесінен зор қуанышпен бағыт алды. Дүниежүзінің әр қиырынан келген елдердің озық технологиялық жобалары, салт-дәстүрлері, мәдениеті оқушыларды таң-тамаша етті.    Бұл көрмеден оқушылардың алған әсері зор. Саяхаттың екінші күні негізінен танымдық саяхатқа арналды. Астананың жаңа келбеті, зәулім ғимараттар, сәулеттік нысандары да оқушылардың танымдық –түйсігін арттырды.

Ғажайып ЭСКПО көрмесі елімізде өткізілуі болашақ жастарымызды одан әрі жігерлендірудің көрінісі.IMG-20170731-WA0080

Айта кетейік, 31 шілде күні оқушыларды аудан әкімі Самат Сапарбаев сәт-сапар тілеп шығарып салан болатын. Астанадағы демалыс күндерін жақсы өткізіп келу үшін оларға барлық жағдайлар жасалынған. Балалар аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиевтің бақылауында барып келді.

Сұхбат

PhotoRoom