Шымкенттік оқушылар «ЭКСПО–2017» көрмесін тамашалап қайтты

Аймақ
17.07.2017, 14:04

Шымкенттік оқушылардың «ЭКСПО – 2017» көрмесін тамашалап қайту саяхаты әлі жалғасып жатыр. Көңілді сергітер қызықты оқиғалар, білім-ғылымға ынталандыру, жаңа достар табуды мақсат еткен саяхат қызыққа толы.

   

Жалпы, 1650 оқушы осындай мүмкіндікке ие болған. Бүгінге дейін мыңнан аса талапты жасөспірімдердің арманы орындалды. «Жаңа талап» спорттық-туристік агенттігі Елордаға саяхатты жоғары деңгейде ұйымдастырып келеді.

Оқушылар Елордаға жете салысымен әлеуетті Назарбаев университетінің жатақханасына жайғасады. Әрі қарай қызықты саяхаттар...

Негізінен, турдың алғашқы күні оқушылар Қазақ елінің «Нұр-әлем» павильонын, одан әрі дүниежүзінің әр қиырынан келген елдердің технологиялық жобалары, салт-дәстүрі мен мәдениетіне қанығады.

Саяхаттың екінші күнінде Астананың жаңа келбетімен танысып, зәулім ғимараттар, сәулеттік нысандарды аралап көреді.

Сұхбат

PhotoRoom