Шымкентте көз дәрігерлері қабылдау өткізді

Аймақ
13.08.2017, 19:10

Шымкентте «Денсаулық жолы» шарасы аясында облыстық офтальмологиялық аурухана дәрігерлері ашық есік күнін өткізді. Қабылдауға келгендердің қарасы қалың. Мамандардың келтірген мәліметтеріне жүгінсек, елімізде бұл санаттағы аурулар 5-орында тұр екен. «Оған негізде жоқ емес дейді», – дәрігерлер. Өйткені қазір еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін гаджет, смартфон пайдаланады. Сағаттап компьютер алдында отырады. Бұл көз жанарына екі есе ауыртпалық түсіреді. Күні бойы жалғасқан қабылдау барысында науқастарға тиісті кеңестер берілді.05e95d9c7908f288aebaff5dd3c679eb_L

Дулат Үдербаев, облыстық офтольмологиялық аурухананың бас дәрігері: - Екі сағаттың аясында 71 адам дәрігерге көрінді. Науқастардың 15%-ында өздері әлі біле бермейтін бірінші рет анықталып отырған көз патологиясы табылып жатады. Қалған науқастар көзілдірік көруге қысымын өлшетуге келеді. Біз соңғы келген адамға дейін көмектесеміз.

Дереке көзі: 24.kz

Сұхбат

PhotoRoom