Шымкенттегі жаяу жүргіншілер жолы қайта жөндеуден өтуде

Аймақ
20.08.2017, 22:22

Шымкент қаласындағы бірқатар маңызды көшелер бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған ескі жолаяқтар қайта жаңғыртып жатыр. Бұл туралы  aigak.kz сайты жазады. Мәселен, Қазыбек би және Рысқұлов көшелерінің қиылысы мен Нәзір Төреқұлов көшесіне дейінгі ұзындығы 3 шақырымға жуық аралықта дәл қазір жолаяқтарды алмастыру жұмыстары қарқын алған. Мұнан бөлек, Қарауылбек Қазиев және Мәделі Қожа көшелерінде де тиісті жұмыстар жалғасын табуда. жоллл-670x460Жергілікті бюджет есебінен атқарылып жатқан құрылыстарқа тапсырыс беруші мекеме Шымкент қалалық тұрғын-үй коммуналды шаруашылық бөлімі болып табылады. Ал аталған көшелердің  жолаяқтарын қайта жөндеу құрылыс саласында тәжірибесі мол Алматылық «Корпорация AIS»  ЖШС-не жүктелген. Осы орайда мердігер мекеме құрылыс кестесіне сай, үш ай мерзім ішінде жобада көрсетілген көшелердің жолаяқтарын толық алмастырып шығатын болады. Мұнан бөлек, Корпорация AIS»  ЖШС-гі Шымкент қаласы бойынша жолаяқтарды күтіп ұстау бүлінген жерлерін алмастырып отыру жұмыстарына да жауапты. Сондықтан құрылыс компаниясы бұл жұмысқа 40-қа жуық жұмысшысын жұмылдырып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom