Шымкенттегі кондитерлік фабрикасы жаңа өндірістік желісін іске қосты

Аймақ
21.08.2017, 22:01

Шымкент қаласындағы «Рахат Шымкент» кондитерлік фабрикасы шетелдік инвестордың қолдауымен жаңа өндірістік желіні іске қосты. 30-дан астам атаумен 4 түрлі өнім өндіретін зауыт қыруар қаржы жұмсап, қондырғысын жаңалап алды. Бүгінде кондитердің өнімдері Германия мен Ресей нарығына шығарылса, отандық өнімге көрші Өзбекстан мен Қырғызстан және Еуропа елдерінен сұраныс жоғары. Кәсіпорын толықтай соңғы үлгідегі автоматты жүйеде басқарылатын қондырғылармен жабдықталған. Жаңа өндірістік желінің ерекшелігі сағатына 1 тонна тәтті шығарады.9d5c254aa48bd90a1bff0b65d9c

Ал, зауытта осындай 3 бірдей желі жұмыс істеп тұр. Бұл қондырғылар бұзылса жүйе өзі толықтай тоқтап қалады. Жаңа технологияны енгізудің арқасында кәсіпорын жуырда вафелді түтікше шығаруды қолға алған. Оған қосылатын шикізаттың басым бөлігі яғни ұннан бастап қанытқа дейін жергілікті жерде өндіріледі. Соңғы технологияның көмегімен өнім дәмді әрі қытырлақ вафли болып шығады. Желі сағатына 220 келі өнім жасайды. Зауыттағы 3 желі үш түрлі өнім шығарады. Бір жерде қамыр иленіп, бірінде печенье кесіліп, вафлиге крем құйылады. Калған қамыр қайта иленеді. Яғни өнім қалдықсыз өңделеді. Зауыт диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Кәсіпорын алдағы уақытта төртінші желіні іске қосуды жоспарлап отыр. Ол жерде вафлидің тағы бір жаңа түрі шығарылмақ.

Сұхбат

PhotoRoom