Астананың азық-түлік белдеуіндегі Қарағандының үлесі

Аймақ
05.10.2014, 09:38

Елорданың азық-түлік белдеуін құрудағы Қарағанды облысының үлесі жыл сайын арта түседі, деді өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков. «Астананы көкөніспен қамтамасыз етеміз. Елорда нарығындағы Қарағанды облысының көкөніс көлемі жыл санап артады деп ойлаймын», - деді Н. Әбдібеков Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде.

Ол аймақта  «ҚазАгромен» бірлесіп мал шаруашылығын дамыту шаралары қолға алынғанын атап өтті.  «Бордақылау алаңдары құрылады. Жоба 12 мың бас ірі қараны қарастырады», - деді өңір басшысы.

Ет өнімі де Астанаға жол тартады, деді ол.

Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов елорданың азық-түлік белдеуін қамтамасыз етуде бүгінде көршілес Ақмола және Қарағанды облыстарының мүмкіндігі жоғары деп есептейді.

«Бірнеше жыл бұрын өнім импорты шамамен 72 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш 50-52 пайызды құрады», - деді елорда басшысы.

Осыған дейін хабарланғандай, 4 қазанда Астанада Қарағанды және Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.    Қарағандылықтар елордаға 800 тоннадан астам өнім, соның ішінде - 250 тонна көкөніс, 450 тонна картоп, 60 тонна ет әкелді.

Сұхбат

PhotoRoom