ЭКСПО-да «абылай ханның арманы» көрсетіледі

Аймақ
26.08.2017, 00:10

Тамыздың 28-іне Астана-ЭКСПО алаңында оңтүстік облыстың мәдени күндері өтеді. Маңызды шараға Жұмат Шанин атындағы Облыстық академиялық драма театры да тастүйін дайын. Шығармашылық иелерінің көптігімен көш бастайтын қара шаңырақ Астана төрінде тарихи драманы сахналамақ. Ол – белгілі драматург Думан Рамазанның «Абылай ханның арманы» пьесасы. Спектакль көрермен сұранысымен, Облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен таңдалып отыр. Бұл туралы shymkenttv.kz сайты жазады._MG_1797

Спектакль қазақтың соңғы ұлы ханы Кенесарының әкесі Қасымның дүниеге келуінен басталады. Қасым – Абылайдың ұлы. Жоңғар билеушісі Қалдан Сереннің туысы Топыштан туылған. Хан Абылай осы жақындық пен өзара келісім бар, жоңғар, орыс, қытаймен де дипломатиялық берік байланыста болған. Ордабасы төрінде үш жүздің басын біріктіріп, өзінің алғыр саясатының арқасында сыртқы жаудан елін қорғай білді. Өзге елдер алдында абыройын асырды. Қазақ бойындағы қайсарлық пен табандылықтың артында осындай рухты тұлғалардың барын ЭКСПО қонақтарына облыстық драма театр ұжымы тарихи пьеса арқылы көрсетпек.

"Осы біздің қазағымыз не үшін осы күнді армандады. Қалай армандады? Қалай қол жеткізді? 5 Франциядай сыятын жерімізді ата-бабамыз кезінде жаудың тұяғын тигізбей қорғады. Сол аманат еткен жерге қалай иелік етіп келеміз? Соны көрсету мақсатымен осы қойылымды алып барамыз",- деді театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбек.

ЭКСПО халықаралық көрмесіне драма театрдың 70-тен аса әртісі барады. Осыдан 2 жыл бұрын әйгілі режиссер Қуандық Қасымов сахналаған тарихи туынды 2 қыркүйекте Астана қаласының Жастар театрында қойылатын болады.

"1 мин Абылай хан - көптен бері көрермен сұранысын арттырған қойылым. Республикалық фестивальде 1-ші орын алған. Көпшілік қалауымен, Мәдениет басқармасының ұсынысымен осыны алып барғалы отырмыз",- деді Ж.Шанин атындағы облыстық драма театры директорының шағармашылық жөніндегі орынбасары Н.Үсіпахметов.

Қайсыбір заман болмасын, тарих – патриотизмнің негізі. Рухани жаңғырудың алдында тұрған ел тарих жолында өшпес із қалдырған тұлғаларды үнемі үлгі етуі қажет. Бірлікпен ғана береке келетінін билігінде көрсеткен Абылайдай ұлы ханның рухына тағзым ету - әрбір ұрпақ парызы.

Сұхбат

PhotoRoom