Азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Аймақ
31.08.2017, 16:19

IMG_4424

Бүгінгі таңда елімізде азаматтық қоғам дамып келеді, атап өтсек, тәуелсіз БАҚ саны артып, оның 90%-ы жекелікте, 18 мыңнан астам түрлі салада үкіметтік емес ұйымдар да жұмыс атқаруда. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Биылғы жылы Департаментке жалпы сомасы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыруға бөлінді. Оның ішінде биыл екінші рет қолға алынған «Азаматтық бақылау» жобасы, «LED-экрандарында бейнероликтерді жариялау», «Аудиороликтерді жариялау» сияқты лоттарды облысымыздың ҮЕҰ-дары ұтып алып, жұмыс жүргізуде. Даму жолындағы мемлекет үшін азаматтық қоғамның белсенді болуы бақылаудың күшеюі болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел болу үшін де азаматтық белсенділік танытуға, ойын жеткізіп, қызығушылығы мен қабілетін арттырып, құқықтарын қорғауға ат салылысатын ҮЕҰ – мен бірлесе жұмыс жасау ҚР Мемлекеттік қызметі істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басым бағыттарының бірі болып отыр. Қазіргі таңда департамент тек облыс көлеміндегі ғана емес, республикаға танымал қоғамдық белсенділермен жұмыс жасауда. Аталған орталықпен «Жолдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға 10 қадам», «Құпия сатып алушы» жобалары аясында бірлесіп жұмыс атқарып келеміз», - деді Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Мұрат Тоғызбаев.

Сұхбат

PhotoRoom