Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан шұлық шығаратын «Әлем БТ» ЖШС-гі іске қосылған екі жылда 922 млн. теңгенің өнімін өндірген. Ал 36 млн. теңгені құрайтын өнім, яғни 25 пайызы Ресей мемлекеті мен Оңтүстік Кореяға экспортталған. Айына шұлықтың 2 млн. жұп данасын шығаратын фабрика бүгінде «3 D» нәскилерін шығаруда.
Кәсіпорын шұлықтары 100 пайыз мақта өнімінен жасалады. Синтетикалық қоспасы жоқ. Лайкраның өзі шұлықтың тез тозбауына септеседі. Өнім Оңтүстік Кореядан әкелінген 230 қондырғыда тоқтаусыз тігіледі. Ал, мамандар автоматтандырылған құрылғы дайындап берген шұлықтың мінсіз сапасын қадағалайды. Өндіріс ошағы 16 мен 47-ші өлшем аралығындағы шұлықтың мыңға жуық түрін тігеді.
Еліміздегі ең қуатты зауыт «Әлем БТ» ЖШС-і жылына 20 млн. жұп шұлық шығарады. Шикізатқа оңтүстік мақтасы жарайтындықтан, тауардың құны қымбатқа түспейді. Сондай-ақ, кәсіпорын бастапқыда қарапайым, бір түсті шұлықтарды шығарса, қазір эксклюзивті, қайталанбас дизайндармен шығарып Айта кетейік, өндіріс орны 2015 жылдың желтоқсан айында Индустрияландыру картасы аясында Елбасының қатысуымен өткен телекөпір барысында іске қосылған болаатын. Ашылғанына 2 жыл болған фабриканың бүгінде тірлігі жанданып, өнім түрлері жаңарып келеді.