Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты ҮИИД бағдарламасы аясында жанармай өндірісін 3 есеге көбейтті

Аймақ
10.09.2017, 00:24

Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жылына 6 млн. тонна мұнай өнiмiн өңдеуге қауқарлы.   Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде жанармай өндірісі 3 есе артты. Енді кәсіпорын Еуро-4 және Еуро-5 экологиялық стандартына сай жанармай шығарады.20170630154140

Жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңінде Шымкент мұнай өңдеу зауытында шикізатты ыдыстарға саңылаусыз құятын қондырғы іске қосылды. Сондай-ақ қуаты жылына 1,5 млн. тонна дизель отынын гидротазалайтын және жылына 4 мың тонна күкірт өндіретін қондырғы іске қосылып жұмыс істей бастады.  Айта кетейік, инновациялық тың технологиялар автоматты түрде басқарылады.

Жаңғырту аясында алау мұнаралары да 140 метрге биiктетiлген. Бұрын оның биiктiгi 60 метр болған екен. Бұл құрылғы зауытта ақау болған жағдайда сутегi, метан секiлдi зиянды газдарды ауада өртеп жiберу үшiн қажет. Үш алау мұнарасының екеуi төтенше жағдайға арналса, бiреуiнде технологиялық газға жатпайтын күкiртсутегi газы күнделiктi өртенедi. Бұдан былай ауа ластанбайды. Ең бастысы - зауыттағы жұмыстардың бәрі қауіпсіз іске асырылатын болады. Кәсіпорын мұндай мүмкіндікке «Үдемелі индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы аясында қол жеткізіп отыр.

Сұхбат

PhotoRoom