«ЭлектроДеталь» зауыты жылына 1400 дана шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдарын шығарып келеді

Аймақ
10.09.2017, 19:42

Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Үдемелі Индустриялды Инновациялық даму бағдарламасы аясында еліміз бойынша қаншама кәсіпорындар іске қосылып жаңа жұмыс орындары ашылып жұмыссыз азаматтарға қуаныш сыйлады.e64ffcdf668b62d65c4e718adb5ce1fe

Осындай кәсіпорынның бірі Кентау қаласындағы индустриялды аймағында орналасқан «ЭлектроДеталь» зауыты. Кәсіпорын жылына 1400 дана шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдарын шығарады.

«ЭлектроДеталь» ЖШС-гі «Кентау трансформатор зауыты» АҚ қажетті 35-110 кВ күштік майлы трансформаторлардың металл құрастырылымдарын, 3(10)-35 кВ шкафты бұйымдар мен қосалқы стансалардың металл құрастырылымдарын, 35-110 кВ күштік майлы трансформаторларының жоғары және төменгі кернеуінің орамдарын шығарады. Қазіргі таңда аталған кәсіпорында 50 жұмысшы жұмыс жасауда.

Құны 867 млн. теңгені құрайтын өндірістік кәсіпорын соңғы типтік үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Зауыт индустриялды аймақта 1,6 га жер теліміне орналастырылған.  Аталған кәсіпорында көршілес Еуропа елдерінен, Австрия, Германия, Италия, Түркия елдерінен шығарылған плазмамен кесу машинасы, беттерді игіш электромеханикалық орталық, гидравликалық пресстер, электромеханикалық револьверлі координатты тесу пресі, орау станогтары, магнитті сымдары тегістеу стөлі орамдарына арналған гидравликалық пресс, белсенді бөлшектерін престеу жүйесі, май дайындауға арналған қондырғысы сынды құрылғылар жұмыс жасауда.

 

Сұхбат

PhotoRoom