Сайрамда тәулігіне 150 тонна сүт өңдейтін жаңа зауыт салынады

Аймақ
13.09.2017, 23:09

Сайрам ауданындағы тәулігіне 20 тонна сүт өңдеуге қауқарлы «Компания Натур Продукт» ЖШС-гі алдағы уақытта Ақсу ауылында сүт өңдейтін жаңа зауыт салмақ.

Өндірісті кеңейту мақсатында іске асатын бұл жоба тәулігіне 150 тонна сүт өңдеуге қауқарлы болмақ. Бүгінгі таңда өндіріс қуаттылығын арттыру үшін тәулігіне 70 тонна сүт өңдеуге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар алынып, монтаждау жұмыстары басталған. Қосымша бес жұмыс орнының ашылуы жоспарланып отыр. Тамақ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорынның бірі - сүт өнімдерінің бірнеше түрін өндіреді.7a5796939c6ac0dde162bfc405fdcfa3_XL

Яғни, мұнда «Хан» сауда маркасымен сүт өнімдерінің - айран, ірімшік, йогурт, құрт, сары май шығарылады. Өткен жылы серіктестік 108,2 млн. теңгенің өнімін өндіріп, бюджетке 19,2 млн. теңге салық төлеген. Ал ағымдағы жылдың жеті айында 71 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Мұнда жергілікті 32 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, кәсіпорын жыл сайын «Агробизнес 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сары май мен ірімшікке субсидия алып келеді.

Тамақ өнеркәсібі ауданның тұрақты экономикалық дамуында аса маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады.

Сұхбат

PhotoRoom