Шымкент қаласы әкімдігінің WhatsАpp желісіне 7959 хабарлама түскен

Аймақ
15.09.2017, 22:01

Шымкент қаласы әкімдігінің WhatsАpp желісіне 7959 хабарлама түскен. Оның 6641-і күні бүгінге дейін шешімін тауып отыр. Ал 958 өтініш иесі істің жауабын күтуде. 1505467345

Жағдайға талдау жасайтын болсақ, қала тұрғындарының көпшілігі санитарлық және көгалдандыру мәселелеріне айрықша назар аударуда. Яғни, бұл бағытта 2207 өтінім келіп түскен. Ал көше жолдарын жөндеу және шағалтас төсеу бойынша 1305, коммуналдық-тұрмыстық тауарлар бойынша 1014, кәріз жүйелері және ашық люктер бойынша709, жолаушылар көлігі бойынша 743, көпқабатты тұрғын үй ғимараттарын жылуға және өзге де қызмет түрлеріне қосу мәселелері бойынша218 өтінім қабылданған.

Еске сала кетейік, қала әкімдігінің WhatsApp телефон қызметінің нөмері: 8-777-885-85-13.

Сұхбат

PhotoRoom