ОҚО-да жыл соңында асфальт пен битум өндіретін зауыт іске қосылады

Аймақ
15.09.2017, 22:27

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың соңында «ДезФумекс» ЖШС-нің асфальт және битум шығаратын зауыты іске қосылады.

«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан бұл жобаның құны 120 млн теңгені құрайды. Зауыт  өндірістік жоспары бойынша жылына 10 тонна битум, ірі түйірлі асфальттан 8 мың тонна, майда түйірлі асфальттан 22 мың тонна, жалпы алғанда жылына 40 мың тонна асфальт және битум шығаруды көздеп отыр.085ee790-c6e0-46fd-9213-bdf2446e7556

Жаңа жобаның жүзеге асуы отандық өндірістің дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және дағдарыс кезінде еліміздің экономикалық тұрақтылықта болуына септігін тигізеді. Кәсіпорын жұмысын бастаған кезде мұнда 20-дан астам азамат жұмыспен қамтылатын болады.

Өндірістің иесі, жергілікті кәсіпкер Жалшыбек Шүменов облыстағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының көмегімен бизнес-жоспарын әзірлеп, қолдануға дайын асфальт шығаруға бағытталған зауытты салып отыр. 

Шағын және орта бизнес жоғары қарқынмен дамып келетін оңтүстікте индустрияландыру картасының екінші бесжылдығы (2015-2019 жж.) аясында жалпы сомасы 47,1 млрд. теңгені құрайтын 47 жоба іске асырылып, 1 650 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал, осы жылы құны 1,7 млрд. теңге болатын 3 жоба іске қосылса, жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сұхбат

PhotoRoom