Шымкент қаласында тағы бір «Жұлдыз» индустриалды аймағы салынады. Ол үшін қаладан 76 гектар жер телімі белгіленіп отыр. Осылайша, қала аумағында үшінші индустриалды аймақ бой түзейді. Шағын кәсіпкерлік дамыған шаһарда жаңа аймақтың өндіріс орындарын көптеп ашылуына септігін тигізеді.
Бүгінде қалада «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтары сәтті жұмыс істеп келеді. Мәселен, «Оңтүстік» индустриалды аймағында құны 55,8 млрд теңгені құрайтын 85 жоба жүзеге асырылып жатса, қазіргі таңда құны 21,4 млрд теңгені құрайтын 46 жоба жүзеге асты. Осының нәтижесінде онда 3 мың жұмыс орындары құрылды. Ал өткен жылы құрылған «Тассай» ИА 139 жұмыс орны бар, құны 1 126 млн теңгеге бағаланған 4 жоба іске қосылды.
Аумағы 89 гектарды құрайтын аймақта бұдан басқа тағы 25 жоба жүзеге асырлуда. Алдағы уақытта бұл жобалар кезең-кезеңімен іске қосылып, жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Сонымен қатар, қала Қазіргі таңда инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуге әзірленуде. Жалпы Оңтүстік Қазақстанда үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бес жылында іске қосылған өндіріс орындарында Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 176 миллиард теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы аумағы 959 гектар жерді алып жатқан аймақтарда 170 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам адам жұмысқа тартылады деп күтілуде.