Оңтүстіктің қара шаңырағы М.Әуезов ОҚМУ-дың таңдауы  – латын әліпбиі

Аймақ
18.09.2017, 11:06

 

 21740591_1105067409628420_4274561577006007994_n

Бүгінде еліміздегі ең өзекті тақырып, мемлекеттік тіліміздің латын әліпбиіне көшу мәселесі болып отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында латын әліпбиіне көшудің маңызы туралы нақты, әрі ерекше көрсетілген. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманың тиімділігі туралы ұсыныстар да кең насихатталуда.

Еліміздегі ірі жоғары оқу орындарының бірі М.Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымы да осы тақырып төңірегінде «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып отыр. Басқосуға "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жобалау кеңсесінің жетекшісі, Облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Әшірбаев Бақытжан Айдарханұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры, т.ғ.д., профессор Мырхалықов Жұмахан Үшкемпірұлы бастаған ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

21728299_1105067399628421_6003050103278155544_n

Жиынды оқу орнының ректоры Ж. Мырхалықов жүргізіп, университетіміздің "Филология" факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор Тілеубердиев Болат Мақулбекұлы және "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Қалшабеков Ақжол Батырұлы, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Әліпов тақырып төңірегінде сөз сөйлеп, баяндама жасады.

21751411_1105067376295090_6563709840413486999_n

Студент жастарының атынан сөз сөйлеуге Түркменістан Республикасының азаматы, ОҚМУ-дың 3-курс студенті Хамраев Алишер жазылып, - Латын әріпіне көшу көптеген мүмкіншіліктерді ашады, олардың бірі ағылшын тілін тез әрі оңай үйрену, әлемдік ғылымға жол ашу- деп, өз ойын білдіріп өтті.

Сұхбат

PhotoRoom