Қалалық бағыттарда жұмыс жасауға байланысты келісім-шартты қала әкімдігі мен жолаушы тасымалдаушы мекемеендігі жерде 3 жылға емес, 10 жыл мерзіміне жасамақ. Дегенмен, ол үшін жолаушы тасымалдаушы компаниялар 140 күннің ішінде өз автопаркін толық жаңартып шығуы тиіс. Бұл қадам банктердің осы компанияларға жаңа автобус сатып алуға несие беріп, лизинг рәсімдеу үшін жасалып отыр.
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов автобус паркін жаңалау келісім-шарты аясында жаңа 5 «ПАЗ-Вектор» автобусын сатып алған «Бек-сервис» компаниясының жетекшілерімен кездесті. Енді жаңа автобустар №34 бағытта жолаушы тасымалдайтын болады.
Ал бұдан 1 апта бұрын қалаға жаңа «ГАЗель» шағын автобустары келген. Олар №102 бағытта қатынайтын болады. «Мир и СО»компаниясының жетекшілері де шағын автобустарды қалалық әкімдікпен келісім аясында сатып алған болатын.
Еске салайық, көлік компаниялары өкілдерімен кездесу барысында Шымкент қаласының әкімі автопарктерді жаңарту жайлы еске салды.Себебі, қала көшелерінде ескі автобустарға орын жоқ. Шаһар басшысы автобустарын жаңалайтын компанияларға қолдау көрсетуге уәде берді.