Шымкенттік ақсақалдар шахмат додасына түсті

Аймақ
27.09.2017, 23:31

Шахмат - ақыл ой мен қырағылықты қатар қажет ететін интеллектуалды ойын. Шымшаһардың төл мерекесіне орай шыңдалған 23 шахмат шебері мен әуесқой 36 қатысушының арасында дәл осы спорт түрінен сайыс өтті. Шахмат додасында 63-ті алқымдаған ардагерлер ғана бақ сынады,-деп жазады shymkenttv.kz.

«Ақ тұлпар» шахмат клубы мен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған сайыс ардагерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді. Шара швейцарлық жүйе бойынша 7 тур, 25 минуттан тұрды.b14c9bc98cefccb04087350bb3158a26-460x260

"Ең алды шахматшылардың арасында, әуесқойлардың арасында 98 жастағы Қалел атамыз қатысып отыр. 00:59 01:06 Жарыс қалалық спорт бөлімінің басшыларымен бірігіп өткізіліп жатыр. Рахметімізді айтқымыз келеді бөлім бастығы Әбдіқұлов Намазбай Андақұлұлына",-деді ұйымдастырушы Серік Бөлегенов.

Тән саулығы мен жан қалауын үндестіріп, жер-жерден жеткен қатысушылар шеберлігін шыңдап, замандаспен тілдесіп мәре-сәре. Сондай-ақ, қазыналы қарттардың белсенділігі мен алғырлығы көз қуантады.

Сайыс соңында қатысушылар құр алақан қалмады. Қара үзіп, шашасына шаң жуытпағын жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, қаржылай сыйлақтарға ие болды.

Сұхбат

PhotoRoom