Шымкент – тұрақты дамып келе жатқан қал

Аймақ
28.09.2017, 00:22

Мұндай бағаны Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун үшінші мегаполистің әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен кездесуінде берді.

Айта кетейік, ОҚО өңіріне үш күндік іс-сапары кезінде Дүниежүзілік банктің өкілі өңіріміздегі жағдаймен танысып, банктің облыста қаржыландырған жобаларын көріп шықты. Оның қатарында Батыс Европа – Батыс Қытай көлік дәлізі бойындағы нысандар мен Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бар.

Айта кету керек, Дүниежүзілік банк бүгінгі таңда «Жібек жолының жүрегі» атанып кеткен қалаға инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр. Ұлы Жібек жолының қиылысында ХІІ ғасырда негізі қаланған шаҺар ежелден Орталық Азиядағы мәдени-экономикалық тұрғыда дамыған қаланың бірі саналды.

Енді жаңа дәуірде де Шымкент Еуразияның транзиттік орталығы ретінде саналады. Дүниежүзілік банк ұсынған «Стратегиялық баяндама» құжатына сәйкес, Шымкент агломерациясы Евразияның халықаралық транзит орталығы ретінде, зиярат жасау, туризм мен спорт орталығы ретінде және адамның өмір сүру сапасы мен молшылықтың тұрақты өсуін қамтамасыз ету орталығы ретінде дамитын болады.

Құжатта алдағы уақытта қол жетуі тиіс бірнеше мақсат көрсетілген. Осы орайда, қала басшыларының Шымкент тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген ұсыныстары Дүниежүзілік банк құрылтайшылары тарапынан қолдау тауып отыр. Қаланың әлеуеті өте жоғары және оған беделді қаржы институттары сенім білдіре бастады. Яғни, Шымкенттің болашағы жарқын деген сөз.

Сұхбат

PhotoRoom