Шымкентте 234 шетелдіктердің қатысуымен бірлескен компаниялар жұмыс жасайды

Аймақ
03.10.2017, 00:34

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 292 шетелдік және 234 шетелдің қатысуымен бірлескен компаниялар жұмыс жасайды. Оның ішінде ірілеріне тоқталып өтетін болсақ. Олар «Петроказаxстан Ойл Продактс» ЖШС. Қазіргі таңда, мұнай өңдеу зауытын модернизациялау жобасына Нидерланды елінің «Valsera Holdings B.V» компаниясымен инвестиция салуға келісім-шарт жасалды. Бұл жобаның I-кезеңі 2017 жылы маусым айында іске қосылды. Бүгінгі таңда зауытта 1500 жұмысшы жұмыс атқарады. Ағымдағы жылдың 8 ай қорытындысымен 20 млрд теңгеге өнім өндірілді.Copy_of_green_economy_graph_earth

Енді бірі «Раxат Шымкент» ЖШС-нің құны 850 млн теңгені құрайтын вафельді түтікшелерді шығаруды ұйымдастыру жобасына Оңтүстік Корея елінің «Lotte Confectionery» компаниясымен инвестиция тартылды. Зауытта 700-ден астам жұмысшы бар. Бүгінгі таңға 2,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Ал «Химфарм» АҚ-ның 2017 жылы қыркүйек айында іске қосылған қатты пероральды дәрілік заттар цеxына 4 095,0 млн теңгеге Польша елінің «Polpharma» компаниясы инвестиция салды.

Сұхбат

PhotoRoom