Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдрахымов әріптес қызметтестерімен қоштасты

Аймақ
01.11.2017, 21:36

Шымкенттің бұрынғы басшысы  Ғабидолла Әбдрахымов бүгін қала әкімдігінде соңғы жиын өткізіп, әріптес қызметтестерімен қоштасты. «Қатты кеткен кездерім болса,  кешірім сұраймын», - деді ол. «Мемлекеттік қызметтегі ең жақсы жылдарым Шымкентте өтті. Орынбасарларыма, бөлім басшыларына, аудан әкімдеріне, жергілікті полиция қызметінің басшыларына алғыс айтамын. Жұмыста бәрі болады, егер сіздерді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын. Мен шын жүрегіммен сіздерді құрметтеймін», - деді Ғабидолла Әбдрахымов. 22886340_882063891943579_3689986666820639170_nЖиында Ғабидолла Әбдірахымовқа да жылы лебіздер айтылды. Оның елден ерек еңбегін сөз еткендер ендігі қызметіне сәттілік тіледі. «Сізбен жұмыс істеу бір ғанибет. Кеткеніңізді қаламап едік. Біз ғана емес, шымкенттіктер де. Сіздің қалғаныңызды сұрадық. Сізді бәрі жақсы көреді, құрметтейді. Бірге істеген жұмысымыз үшін рақмет. Алда сізге сәттілік тілейміз. Сіз бізге көп нәрсе үйреттіңіз. Біз бір ұжым болып жұмыс істедік» - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова.23031572_882102861939682_5318342021186318054_n

Естеріңізге салайық, Ғабидолла Әбдрахымов 2015 жылдың тамызынан бастап Шымкенттің әкімі болды. Ал, күні кеше ол "Нұр Отан" партиясының хатшысы лауазымына тағайындалған еді.

Сұхбат

PhotoRoom