ОҚО-да балық шаруашылығы қарқын алып келеді

Аймақ
10.11.2017, 19:00

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бәйдібек ауданында балық шаруашылығы қарқын алып келеді. Мәселен, Шаян өзенінің бойындағы бос жатқан 5 гектар жерді алған кәсіпкер өз қаржысына балық асырау бұғатын ашқан. Әрі жергілікті жердің 7 азаматын жұмыспен қамтып отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған екі бассейнге 50 мың сазан мен мөңке балық жіберіледі. Алдағы уақытта мұның санын көбейту ойда бар. Жоба бойынша бұл маң демалыс аймағына айналмақ.d9fa85878901753e2c63bd52165e39da_L

Елнұр Шыңқожаев, кәсіпкер:  – Келесі жылдары мұнда енді демалыс орнын салсақ дейміз балаларға. Аллея салынса, киіз үйлер тігіліп, елдің игілігіне пайдаланса деген жоспарымыз бар.

 Нұрғали Айтбеков, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары:  – Алдағы кезде де осы шаруашылықтарды дамыту үшін Қапшағай су қоймасы бар, бұдан кейін Сарқырама су қоймасы салынайын деп жатыр. Жамбыл су қоймасы бар. Осылардың барлығында балық өсіруді қолға алу жөнінде үлкен тірліктер бағдарламалар жасалынып жатыр.

Балық шаруашылығын дамытуды қолға алған Бәйдібек ауданында осы үшінші балық шаруашылығы. Бұған дейін 2015 жылы «КазГолдФишт» ЖШС-і «Досан-Қарабас» су қоймасына 700 мың сазан, ақ, қара амур балықтарын жіберсе, 2017 жылдың мамыр айында «Нұр-Ай» шаруа қожалығы «Бөген» өзенінің жағасынан арнайы бұғат жасап, сазан, ақ амур мен карас балықтарының 8 мың шабағын жіберген болатын.

Статистика бойынша су қоймаларына жіберілген  шабақтардың  70-80 пайызы әрі қарай өсіп жетіледі екен. Балықтың бұл түрлерін су айдындарына жіберу көктем және күз айларында жүзеге асырылады.

Сұхбат

PhotoRoom