Түркістандық кәсіпкер 500 тонна кондитерлік өнім шығарған

Аймақ
13.11.2017, 23:19

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласындағы «Ақ жол» ЖШС-нің басқарушы компаниясы осы жылдың сегіз айында 839 млн теңге болатын нан, кондитерлік өнімдер мен шұжық өнімдерін шығарды. Ал, өткен жылы 288 млн теңгеге өнім өндірілген. Компания шағын және орта бизнеспен жаппай кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетудің тиімді әсеріне мысал бола алады. Жылына 450 млн. теңгенің өнімін өндіруге қауқарлы кәсіпорын нан, кондитерлік өнімдер мен шұжық өнімдерін шығарады. Серіктестік тәулігіне 10-12 тонна ұн өнімін өндіреді.88b72442fc378fc76c587ff81f25e63a_XL

Наубайханада сапалы әрі таңдаулы нан өнімдерінің отыз түрі пісіріледі. Мұнда күндігіне отыз мың нан пісіріліп, қаладағы сауда орындарына таратылады. Нан – әрқашан да тұтынушылар сұранысына ие болатын өнім болғандықтан наубайхана демалыссыз жұмыс істейді. Мәселен, мұнда еңбек ететін жүз жиырма адам өткен жылы 1638 тонна нан, 490 тонна кондитерлік сапалы өнім шығарған. Ал тәулігіне 10-15 бас мал сойылатын цехта шұжықтың сегіз түрі жасалады. Яғни, мұнда айына отыз тонна, ал жылына үш жүз тоннадан астам дайын өнім шығарылады. Шұжыққа қосылатын арнайы қоспалар Түркия мен Австриядан әкелінеді.

Сұхбат

PhotoRoom