Шымкент қыстың қаҺарына дайын

Аймақ
13.11.2017, 23:21

Шымкентте коммуналды қызметтің қысқа дайындығы тексерілді. «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС, «ЮгДорСервис» ЖШС, «БәтерекЛБ» ЖШС және «СМД-құрылыс» ЖШС мекемелері арнайы техникалардың қысқа дайындығын көрсетті. Сондай-ақ, жүргізушілердің демалу орындары мен тәулік бойы қызмет ететін диспетчерлік қызметінің жағдайы тексерілді.1510549554

Айта кету керек, мұндай көрсетілімнің мақсаты - орын алуы мүмкін келеңсіздіктерді дер кезінде анықтау, арнайы құралдардың техникалық жайын анықтау және жұмысқа жарамдылығын тексеру.

Жалпы қалалық жол қызметінің құрамында 116 арнайы техника мен жеке құрамында 1183 адам жұмыс жасайды, олар 19 тұрақты бағыт бойынша 156 көшеде жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда инертті материал қорында 24 000 текше метр құм және 4000 тонна тұз бар.

Сұхбат

PhotoRoom