«Шымкент-Кашемир» жылына 400 тонна түбіт өңдеуге қауқарлы

Аймақ
14.11.2017, 23:58

Қазақстанда түбіттен және жүннен, топстан жасалған бұйымдардың өндірісімен айналысатын жалғыз кәсіпорын әзірге Шымкентте ғана.

«Шымкент-Кашемир»-дің ашылғанына бар-жоғы бес жылдың көлемі болса да, жылына 400 тонна түбіт өңдеуге қауқарлы. Елбасының соңғы жылдардағы кәсіпкерлерді жаппай қолдау бастамасынан кейін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан кәсіп бастауға 3 гектар тегін жер алған. Сөйтіп табыс және мүлік салығынан босатылған. Үкіметтің осындай кең көлемді қолдауынан кейін оның кәсібі кеңейіп, өркендеп келеді. Қытайда бір зауыт түбіт тараса, тағы бірі жүн жуады.4b41d8402a855349daa868762863cbe9_XL

Ал бұл кәсіпорын осының барлығын бір жерде өндіреді. Алғашқыда жүн жуатын бір ғана цехтан бастаған кәсіп иесі кейіннен жүн сорттайтын, жуатын, тарайтын, Топс жасайтын, көрпе мен киім тігетін қосымша 4 шеберхана салған. Алдағы уақытта жіп иіріп, бояйтын және кілем тоқитын цех ашу жоспарлап отыр. Кәсіпорындағы 5 шеберханада 33 станок орнатылған. Мәселен, Топс цехында 18 станок бар. Бір адам бір мезгілде 4 станокты қатарынан игеріп, жұмыс істей алады. Зауыттың жұмыс барысына тоқталсақ, алдымен Қазақстанның әр аймағынан әкелінген жүндер сұрыпталады. Одан кейін жүн жуатын станоктарға салынады. Жуылып біткеннен соң келесі станокта жүн таралады. Қылы бөлек, түбіті бөлек шығарылады. Қылынан матрас, түбітінен көрпе жасалады.

Сұхбат

PhotoRoom