Шымкенттегі зообақта африкалық бөкен төлдеді

Аймақ
24.11.2017, 23:10

Шымкенттегі зообақта сирек кездесетін африкалық бөкен төлдеді. Бұл канна орикс деген жануар қуысмүйізділер тұқымына жатады. Аша тұяқты сүтқоректі жануар. Өмір сүру ұзақтығы 18 жыл. 7ede30c1c357b37382d745cd2a311093_LОл Шымкенттегі зообаққа 2014 жылы Алматыдан жеткізілген. Зообақ қызметкерлері оған Асия деп ат қойған екен. Қазір мұнда Асиядан бөлек тағы 3 аталық бөкен бар.  Жалпы зообақты 241 түрлі 2 мың 565 бас жануар мекендейді. Алдағы уақытта олардың саны еселене түспек.

Сұхбат

PhotoRoom