Шымкенттегі зообақта сирек кездесетін африкалық бөкен төлдеді. Бұл канна орикс деген жануар қуысмүйізділер тұқымына жатады. Аша тұяқты сүтқоректі жануар. Өмір сүру ұзақтығы 18 жыл. Ол Шымкенттегі зообаққа 2014 жылы Алматыдан жеткізілген. Зообақ қызметкерлері оған Асия деп ат қойған екен. Қазір мұнда Асиядан бөлек тағы 3 аталық бөкен бар. Жалпы зообақты 241 түрлі 2 мың 565 бас жануар мекендейді. Алдағы уақытта олардың саны еселене түспек.