Шымкент қаласында 2017 жылдың 27 - 28 қараша күндері ОҚО Ішкі істер департаментінің базасында штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Оқу-жаттығуды өткізудің негізгі мақсаты – Ішкі істер органдары дайындығы мен қабілеттілік деңгейін арттыру болып табылады. Оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс жағдайы туындаған орындарға қысқы мезгілде операцияларды өткізу кезіндегі әрекеттерге құқыққорғау органдары күштерін жөнелту мәселелерін жасап өту жоспарланып отыр.
Оқу-жаттығу барысында :
-Күш пен құралдарды басқаруды ұйымдастыру
-Мемлекеттік органдарды жедел хабардар ету
-Ведомстволық байланыс құралдарының және өзара байланысының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету
-Әртүрлі қойылған тапсырмаларды орындаудағы мемлекеттік органдардың өзара байланысы тексеріледі.
Сондай-ақ, оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі төтенше жағдай кезіндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жедел өзара іс-әрекеті пысықталады.
ОҚО Ішкі істер департаменті қала тұрғындарынан осы оқу-жаттығу іс-шарасына түсінушілікпен қарауларын және қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.