Бұл жөнінде Шымкент қаласын аумақтық дамытудың өңіраралық жобасын әзірлеу мәселесі бойынша кеңейтілген мәжілісте мәлім етілді. Жаңа әзірленген жобаға сәйкес, 2020 жылға қарай Шымкент агломерациясына жататын аумақта халық саны 185 093 адамға немесе 10,3 пайызға артып,1 млн 986 087 адамға жетеді деген болжам жасалып отыр. Ал 2030 жылға қаладағы халық саны 534 779-ға көбейіп, 2 млн 335 мың 773 адамға өседі деп болжануда.
Айта кетейік, Шымкент қаласын аумақтық дамытудың өңіраралық жобасын ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті әзірлеген болатын. Аталған жобаға сәйкес контрмагниттер ретінде аудандардың да әкімшілік орталықтары анықталған. Оңтүстік бағытында – Сарыағаш қаласы, батыс бағытында – Арыс қаласы, шығыс бағытында – Т. Рысқұлов селосы болып белгіленген.