Шымкенттік оқушы «Color Sorter» роботын ойлап тапты

Аймақ
27.11.2017, 21:10

«Робот құрастыру – технология және инновация». Шымкент қалалық №2 қазақ-түрік қыз балалар лицейінде осы атаумен көрме ұйымдастырылды. Математика және информатика пәндері апталығы аясында өткен шарада бас-аяғы 7 жоба таныстырылды. Білім берудегі мұндай заманауи іс-шаралар жаңа технологияларды игеруге ынталандырады, - дейді бастамашылар.

Автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект қалыптастыру. Елбасымыз халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында еңбек өнімділігін арттыру мақсатында осы қажеттіліктерді міндеттеген болатын. Жаңа технологиялық жаңғыру бағытында көпшіліктің танымын кеңейту үшін лицей оқушылары өз роботтарын құрастырды. Робототехника жас буынның ІТ технологияларды меңгеріп, осы салада тың жаңалықтар ашуына бастама болатынын дәлелдеді.49b5a4b6-312d-40ed-beea-1a08652e4d27

Абибулла Байымбетов – ата-ана

Қазір мына балаларға берілген әрбір білім, оның негіздері, оларға өмір бойы азық болады. Біздің Қазақстанның ғылымын дамытуда бұл үлкен жетістік. Көрме өте жақсы ұйымдастырылған. Балалардың барлығы өз жұмыстарын жақсы көрсетті.

Роботтар көрмесіне 14 пен 17 жасқа дейінгі өнертапқыштар қатысты. Соның бірі – Зерде Байымбетова. Зияткер қыз «Color Sorter» роботын ойлап тапты. Оны құрастыруға 2 күн жұмсағанын айтады. Бұл жүйенің мүмкіндіктерін көпшілікке паш етті. Ендігі арманы – өз өңірінде оза шауып, республикалық деңгейде бақ сынау.

Зерде Байымбетова – №2 Шымкент қалалық қазақ-түрік қыз балалар лицейінің оқушысы

Бұл жерде «Колор сенсор» деген сенсор бар. Біз оған түстерді көрсеткен кезде ол өзінің процессорына сол түстерді жазып алады. Келесі программа жүргізілген кезде ол өзінің берілген ұяшықтарына салып шығады.

Бала қиялынан туындаған мына құлтемірлер ертең қоғам игілігіне жарап жатса, ғажап емес. Заманауи технологиялар мен компьютерлік бағдарлаудың қыр-сырын жете меңгерген қатысушылар бұл білімдерін әрмен қарай шыңдамақ.

Сұхбат

PhotoRoom