Бүгінгі таңда зауытта 1500 жұмысшы жұмыс атқарады. Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысымен өндірілген өнім көлемі 20 миллиард теңгеден асқан. Енді бірі «Раxат Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құны 850 млн теңгені құрайтын вафельді түтікшелерді шығаруды ұйымдастыру жобасына Оңтүстік Корея елінің «Lotte Confectionery» компаниясымен инвестиция тартылды. Зауытта 700-ден астам жұмысшы бар. Бүгінгі таңға 2,3 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Ал «Химфарм» АҚ-ның 2017 жылы қыркүйек айында іске қосылған қатты пероральды дәрілік заттар цеxына 4 095,0 млн теңгеге Польша елінің «Polpharma» компаниясы инвестиция салды.