«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылы ҚР Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері және бизнес-қауымдастықтарымен бірлесе, салық төлеушілердің талап-тілектерін ескере отырып, жаңа Салық кодексінің жобасы дайындалды. Өздеріңіз куә болғандай, жобаны талқылау мақсатында, Оңтүстік Қазақстан облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасында, бейне-байланыс арқылы Мемлекеттік кірістер департаментінің салалық басқармаларының мамандарының және салық төлеушілердің қатысумен талқыланды.
Сондай-ақ, қазан айында, Шымкент қаласында, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Мемлекеттік кірістер комитетінің мамандарының қатысуымен, жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша ОҚО, Жамбыл, Қызылорда облыстарының салық төлеушілерімен өңіраралық көшпелі семинар өткізіліп, қызу талқыланды»,-деді спикер.