«Оңтүстік» көлік-логистикалық орталығында 8 жоба жүзеге асуда

Аймақ
07.12.2017, 12:25

Шымкент қаласындағы жалпы аумағы 92 гектарды құрайтын «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталығында инвестиция құны 35,6 млрд теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылуда. Аумағы – 242 500 шаршы метрді құрайды. Мұнда кедендік рәсімдеу, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау қызметтері бір терезе қағидасымен жүргізілсе, бұған қоса уақытша сақтау қызметі де қарастырылған.33f8d6c530a98752d02aef004ba6fb22_XL

Шымкенттегі аталған КЛО халықаралық және республикалық жүк ағымына қызмет көрсету, сондай-ақ, тауарлардың қала мен өңірлерге таратылуы үшін қойма және ілеспе қызметтер ұсыну мақсатында құрылған.

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпір барысында Шымкент қаласында орналасқан көлік-логистикалық орталығындағы «Continental Logistics Shymkent» А + санатындағы кешенді іске қосты. Мұнда құрғақ және климаттық қоймалардан бөлек, контейнерлік терминал, кедендік ресімдеу аймағы мен ілеспелі құрылымдары бар.

Мамандардың айтуынша, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» магистралі мен теміржол желісіне жақын орналасқан «Continental Logitics Shymkent» жаңа көліктік-логистикалық орталығының географиялық тұрғыдан тиімді орналасуында. Бұл өңірді көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптастыруға және Қазақстанның аумағы арқылы айналымды ұлғайтуға күшті серпін беретін жүктерді шоғырландыру және консолидациялау орталығы ретінде дамытуға ықпал етеді.

Айта кету керек, аймақтың жүк жөнелтушілер үшін артықшылығы Cross Docking мультимодальды қызмет көрсету жүйесін енгізуі. Бұл жүйе қоймалардағы қарапайым жүктерді қоспағанда, әсіресе, үлкен көлемде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Ресейден жеткізілетін жеміс-көкөніс өнімдері сияқты бұзылатын тауарлар үшін өте маңызды болып табылады.

Сұхбат

PhotoRoom