Әлеуметтік нысандарға 28 млрд теңге бөлінген

Аймақ
04.11.2014, 11:01

Биыл Қызылорда облысында әлеуметтік және мәдени маңыздағы 66 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Құрылыс және жобалық жұмыстарға республикалық және облыстық бюджеттен 28 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Облыстық құрылыс басқармасы арқылы 86 нысанның құрылысы жүріп жатыр, олардың 20-сы келесі жылға қалады, ал қалғандары жыл соңына дейін тапсырылуы тиіс.

Қызылордада мамандандырылған ХҚКО да пайда болмақ, оған мемлекеттен 870,9 млн теңге жұмсалады. Сондай-ақ 30 мектеп, 9 балабақша және бір жатақхана ашу жоспарда бар.

Ал денсаулық сақтау нысандарын салуға биыл аймақта 2 млрд 852 млн теңге қарастырылған. Атылмыш қаражатқа 20-ға жуық ғимарат тұрғызылмақ. Ал мәдениет саласына келер болсақ, бүгінде елді мекендерде бірден 10 ауылдық клуб, мұражай мен кітапхана бой көтеруде. Алты клубты осы жылы, ал қалғанын келесі жылы пайдалануға беру жоспарланды.

Сұхбат

PhotoRoom