ЕЛБАСЫ ТАПСЫРМАСЫ ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІМЕН ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Аймақ
24.09.2018, 10:24

партияОтан» партиясының жаңғыруы аясында партия тарихында алғаш рет «Бастауыш партия ұйымдарының» аймақтық форумы өткізіліп, онда “Нұр Отан” партиясы бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы” кең көлемде талқыланған болатын.алықтың партияға сенімін арттыру және оның электоралдық әлеуетін нығайту, еліміздің стратегиялық бағдарламалық құжаттарын іске асыруға жүйелі қатысу, әкімшілік, саяси және сайланатын лауазымдарға ілгерілету үшін кәсіби кадрлық резерв құру, партияны жаңғырту және оның қызметінде қазіргі заманғы технологияларды қолдануға бағытталған партияның жаңа бастамалары аясында 22 жоба жүзеге асыру көзделіп отыр.

Бұл мақсаттарда 10 стратегиялық жоба – азаматтарды ауқымды қамтумен, 6 жоба – партияны қолдаушылар желісін кеңейту бойынша және 6 жоба – партияның қызметін трансформациялау бойынша іске асырылады.

Бұл туралы “Нұр Отан” партиясы аудандық филиалының төрағасы, Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің төрағалығымен өткен аудандық филиалдың кезектен тыс ХXІV конференциясында айтылды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесінің Бюросы, партиялық бақылау комиссиясы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері,  «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, аудан әкімдігінің бөлімдері мен мемлекеттік органдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, этно-мәдени бірлестіктердің жетекшілері, кәсіпорын басшылары, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, партияның аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері және  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылған конференцияға облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Гаухар Туралиева қатысты.

Конференцияның жұмысшы органдары сайланып, күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітілген соң, мандат комиссиясының хабарламасы тыңдалды.

Күн тәртібіне шығарылған алғашқы мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова «Нұр Отан» партиясының «Бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру тұжырымдамасы» жобасын талқылау туралы баяндама жасады.

рухани жаңғыру

Шолпан Қайратқызы өз сөзінде, партия қызметін жаңғырту жұмыстары аясында қолға алынған цифрландыруды жүзеге асыру, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыру тәсілдері және бағдарламалық құжаттарды дайындау туралы, сондай-ақ, партияның кадрлық резервін қалыптастыру, еліміздегі жастар саясатын одан әрі жетілдіру, партияның талдау және сараптау әлеуетін арттыру мәселелері жайында кеңінен ақпарат берді. Осы жобалар аясында аудан аумағында атқарылып жатқан оң істерге тоқталды.

Баяндама аяқталған соң, бастауыш партия ұйымдары қызметін жандандыру тұжырымдамасы талқыға түскен аймақтық форумға қатысушы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Түймекент» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ержан Әбілдаев пен аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, «Дана» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлнар Мамырбаева сөз сөйледі. Олар аймақтық форумда бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттыру бойынша жобаларды талқылаудан алған әсерлерін ортаға салды.

Жарыссөзден соң талқыланған мәселеге қатысты делегаттар бірауыздан қаулы қабылдады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланысты «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІІ конференциясына құрамы жеті адамнан тұратын делегаттар сайланды.

Сұхбат

PhotoRoom