Маңғыстауда «Маңғыстау облысының үздiк кәсiпкерлерi» атты облыстық конкурс басталды. Конкурсқа қатысуға шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi Қазақстан резидентi – жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ кәсiпкерлiктiң дамуына үлес қосып отырған жеке тұлғалар және коммерциялық емес ұйымдар жiберiледi, деп хабарлайды Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы.
Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткiзiледi:
«Жылдың үздік кәсіпкері»;
«Ауыл шаруашылық саласындағы үздік кәсіпкер»;
«Сауда саласындағы үздік кәсіпкер»;
«Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер»;
«Халықтық қолөнер саласындағы үздік кәсіпкер»;
«Үздік әйел-кәсіпкер»;
«Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер»;
«Қонақ үй бизнес саласындағы үздік кәсіпкер»;
«Үздік жас кәсіпкер»;
«Азық-түлік өндіру саласындағы үздік кәсіпкер»;
«2014 жылдың үздік бизнес-идеясы»;
«Білім саласындағы үздік кәсіпкер»;
«Денсаулық саласындағы үздік кәсіпкер»;
«Мейрамхана бизнесі саласындағы үздік кәсіпкер»;
«Мүмкіндіктері шектелген тұлғалар арасындағы жылдың үздік кәсіпкері»;
Конкурсқа Жалғамалы ақпараттар қосылған өтiнiм-сауалнамаларын беру мерзiмi 2014 жылғы 14 қарашаға дейiн.
Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер құжат пакетi үлгiсiн Маңғыстау облысының кәсiпкерлiк және сауда басқармасынан алуларына болады.