ҚАРАҒАНДЫ – IT КЕҢІСТІКТІҢ БАСТАУ АЛАҢЫ

Аймақ
22.10.2018, 11:51

 

Кеншілер қаласында тек еліміздің өндірістік аймағы болып қана қоймай, сонымен қатар цифрлық технологияларды дамыту орталығына айналу әлеуеті пайда болды. Әлемге танымал ІТ-мамандар Қарағандыны Террикон алқабы атауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төрт күн аралығында Қарағандыда "IT-WEEKEND.KZ - 2018" халықаралық форумы өтті. Шараға барлық аймақтардан және басқа елдерден жоғары технология мамандары жиналды. Форумның «Қарағанды - ІТ-кеңістіктің бастау алаңы» атты басты панельдік сессиясына Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қатысты. Аймақ басшысы өз сөзінде бүгінгі таңда ІТ-нарық - барлығымыз үшін керемет мүмкіндіктер және бастама позициялар болып табылатынын атап өтті.

 

«Елбасының бастамасының арқасында елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алдыңғы қатарлы елдер цифрландыруға ондаған жылдар бойы қателіктер мен тәжірибелер арқылы жеткен. Бұл әлемдік тәжірибе ІТ-саланы дамытуға арналған стратегия болып табылатын «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында ескерілген», - деп қосты Ерлан Қошанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,Қарағанды ІТ-форумды өткізетін жер ретінде бекерден таңдалған жоқ. Қалада ЖОО және мамандандырылған колледж негізіндегі мықты математикалық мектеп бар.

 

Қарағандылық бағдарламаушылар Google секілді әлемнің алдыңғы қатарлы ІТ-компанияларында қызмет етеді. Бұған қоса, облыста цифрлық «ерекшеліктер» енгізіліп жатқан сәтті үлгілер бар.  Мысалы, денсаулық сақтау және білім беру саласы көптеген нәтижелерге қол жеткізген. Үйде отырып, дәрігердің қабылдауына жазылуға, медицина қызметкерін үйге шақыруға және қажетті дәрі-дәрмектің рецептін жазғызып алуға мүмкіндік беретін Даму мед қосымшасы сәтті жұмыс істеп жатыр. Қарағандылық  IT мамандардың зерттемесі қазіргі күні Қазақстанның барлық қалаларында қолданысқа енгізілді. Тек Қарағандының өзінде-ақ бұл қосымшамен 300 мыңнан астам адам пайдаланады.  «Мұнда, Қарағандыда математикалық ой өрісі дамыған, осы салада өзіңмен тең адамдармен сөйлесе аласың. Осында қазір жастар, тәжірибелі мамандар, табысты кәсіби қызметкерлер, ғылым мен билік өкілдері өзара байланыс орнатып, драйв құрып, жаңашылдықтар ойлап тауып, өздерін де, өңірді де, жалпы елді дамытуға талпынатын бірегей алаң құрылып жатыр», - деді сессияда депутат Павел Казанцев. Өз кезегінде, форумға қатысушылар қарағандылық ІТ хабты Террикон алқабы деп атауды ұсынды. -Силикон алқабы бар, ал Қарағандыда өзінің Террикон алқабы болады. Мен оны қолдаймын, - деді Ерлан Қошанов.

Осыған орай аймақ басшысы өзінің орынбасары Алмас Айдаровқа және «Қарағанды облысының ақпарат, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мұрағаттар» МБ жетекшісіне тапсырма берді. Сессия соңында Ерлан Қошанов форум шеңберінде өткен хакатон жеңімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етті. Жеңімпаздар 500 000 теңгеден иеленді және бұған қоса  ҚММУ студенттері атанды. Олар мүмкіндігі шектеулі адамдарға немесе төсек тартып қалған науқасқа көмекші немесе ауру күтуші тауып алуға болатын мобильді қосымша жасап шығарған.

 

Сұхбат

PhotoRoom