«ТАЗА ҚАЛА» БАЙҚАУЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Аймақ
20.11.2018, 20:12

2018 жылғы 20 қараша күні Шымкент қаласының «Орыс драма театрында» Шымкент қаласының әкімдігімен «Азаматтық Альянсы» қауымдастығы ұйымдастыруымен «Таза қала» байқауының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау шарасы өтті.

Байқаудың мақсаты Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында қаламыздың әрбір тұрғынын өз үйлерін, ауласын, көшесін таза ұстауға, ағаштарды әктеп, аумақтарды көгалдандыруға қала тұрғындарын жұмылдыру.

Байқауға Шымкент қаласы аумағында орналасқан қала тұрғындары, аула, көше атынан көше комитеттерінің төрағалары қатысты. Байқауға қатысу жөніндегі өтінімдер 2018 жылғы мамыр – қыркүйек айлары аралығында Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдіктерінде қабылданды.

Жеңімпаздарды анықтау мақсатында әр ауданда жұмысшы топтар құрылды. Жұмысшы топтар әр 15 күн сайын сараптама жасау мақсатында байқауға қатысушы көшелер мен аулаларға барып бақылау жүргізіп отырды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

1) «Үздік аула» (әр ауданнан 1, 2, 3 орындар, барлығы 12 орын);

2) «Үздік көше» (әр ауданнан 1, 2, 3 орындар, барлығы 12 орын);

3) Ынталандыру сыйлықтары (әр ауданнан әрбір номинация бойынша-8).

Қаладағы 4 ауданнан 345 аула мен 174 көше барлығы 519 үміткер қатысты.

Оның ішінде әрбір ауданнан «Үздік аула» және «Үздік көше» номинациялары бойынша  (әр ауданнан 1, 2, 3 орындар және ынталандыру сыйлықтарымен) барлық аула мен көшелер марапаталды.

Атап айтқанда әрбір аудан бойынша

І орын иегерлері  4 аула мен 4 көшеге 200 000 теңгеден;

ІІ орын иегерлері 4 аула мен 4 көшеге 150 000 теңгеден;

ІІІ орын иегерлері 4 аула мен 4 көшеге 100 000 теңгеден;

Ынталандыру сыйлығы 4 аула мен 4 көшеге 40 000 теңгенің сертификаттары табыс етіледі.

Түскен өтінішке сәйкес ардагерлерден, қоғамдық ұйым басшыларынан, аудан әкімінің орынбасарларынан, тазалыққа жауапты мекеме қызметкерлерінен және жастардан құралған комиссия мүшелері аудандарды аралап номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Номинация иегерлерін Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртай, Шымкент қаласының мәслихаь хатшысы Ғ.Ташкараев пен «Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті Ш.Жамалбек арнайы дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтарды тарту етті.

Сонымен қатар, іс-шара барысында акцияға белсене қатысқан мектеп оқушылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, белсенді көше және аула тұрғындары Алғыс хаттармен марапатталды.

Сұхбат

PhotoRoom