АЙМАҚТА «МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПОЛИЦЕЙІМ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Аймақ
07.12.2018, 23:22

Ішкі істер органдарын жаңғырту жұмыстарына, полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісіп және де оны жаңа жылдан бастап жүзеге асыру керек. Бұл – Елбасы тапсырмасы. Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырамын. Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауға тиіс.

Біріншіден, Ішкі істер министрлігінің штаттық санын оңтайландырып, полицияны өзіне тиесілі емес функциялардан арылту қажет. Үнемделген қаражатты полицейлердің жалақысын көбейтуге, олардың тұрғын үй және өзге де әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттаған жөн.

Екіншіден, полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекітіп, мансаптық ілгерілеу, сондай-ақ, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту керек.

Қызметкерлердің бәрі қайта аттестациялаудан өтуге тиіс. Тек үздіктері ғана қызметін жалғастырады.

Үшіншіден, халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізіп, полицияны бағалаудың критерийлерін түбегейлі өзгерткен жөн. Полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру қажет»- деді.

Осы міндеттемелердің басы ретінде қазір аймақтарда полицейлер жұмысымен халықты жақын таныстыру қолға алынды. Айталық, Жамбыл облысы орталығы Тараздағы білім ошақтарында  «Мен және менің полицейім» атты акция  өтуде. Онда оқушылар бір күнін тәртіп сақшыларымен бірге өткізді» - дейді Жамбыл станциясы желілік полиция бөлімінің инспекторы Гүлдана Мұсаева.   Маман сонымен қатар, оқушылар Жамбыл станциясы желілік полиция бөлімінің жұмысын өз көздерімен көріп, теміржол тораптарындағы қарапайым ережелермен танысып, ереже бұзғандарға ауызша ескерту жасауды үйренгенін айтты. Игі шара оқушылардың қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуына және балаларды жол апатынан сақтандыруда маңызы зор. Шара барысында орта мектеп оқушыларымен және Тараз қаласының теміржол колледжінің студенттерімен бірлесіп, лекция өткізілген, бейнероликтер көрсетілген және полицейлердің жұмысы жан-жақты таныстырылған.

Мемлекет басшысы жуықта  «Адамдар криминалдан қорғану үшін бірінші кезекте полицияға жүгінеді. Тәуелсіздіктің осы жылдарының ішінде 779 қызметкер қаза тауып, шамамен 2,5 мыңы жарақат алды. Және де мұны естен шығармау керек. Бұған қоса, ішкі істер органдарының ағымдағы жағдайы қоғамның сұранысына толықтай көлемде жауап бере алмайды», - деп мәлімдеген болатын.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom