АСТАНАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА ЖАРНА АУДАРУДА БЕЛСЕНДІ

Әлеумет
07.12.2018, 01:38

 

Медициналық сақтандыру – медициналық қызмет сапасының және оның қолжетімділігінің кепілі. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізу халықтың медициналық қызметке деген күннен күнге өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандырады деп күтілуде.

Қараша айында Медициналық сақтандыру қорына 8,64 млрд теңгеден астам жарна түсті. Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 30 қарашасына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 122,47 млрд теңгеге жетті. Оның 113,83 млрд теңгесі (шамамен 93%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,64 млрд теңге (7%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

"Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, 2017 жылғы 1 шілде мен 2018 жылғы 30 қараша аралығындағы елордалық жұмыс берушілер мен кәсіпкерлер аударған жарна сомасы - 15,38 млрд теңге. Қараша айындағы көрсеткіш – 1,08 млрд теңгені құрайды.

Жалпы, аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан алғашқы үштікте бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге саламыз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары, яғни жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық банкпен сенімгерлік басқару туралы келісімшарт жасасқан. 2020 жылдан бастап бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.

 

«САЙГЕЗ-АҚПАРАТ»

 

Сұхбат

PhotoRoom