ШЫМКЕНТТЕ 100 ОТБАСЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Әлеумет
17.12.2019, 18:49

"Шымкент қайырымды қала. Осынау акция аясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, "Мейірім" қайырымдылық порталы мен "Ізгілікте жарысайық" қайырымдылық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 100 отбасына азық-түлік пен киім-кешектер, тұрмыстық химиялық заттар таратылды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар кей отбасыларына күнделікті қажетті тауарларды үйлеріне де жеткізіп берді. Басқарма басшы Ғалымжан Балтаев мұқтаж тұрғындарды Ұлық мерекемен құттықтап, оларды қиын жағдайға түскен отбасыларын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен таныстырды. Сала өкілдері бүгінде тұрмыс тауқыметін тартқан қала тұрғындарын тек бір реттік көмекпен қамтумен шектелмей мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып жұмысқа тартуда. Сондай-ақ қысқа мерзімді оқыту курстарына жолдап, кәсіп ашуына жол ашып отыр. Үшінші мегаполисте "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы" аясында кәсіптік-техникалық мамандарды даярлау бағытындағы шаралар да жүйелі атқарылып келеді.

Сала басшысы Ғалымжан Балтаевтың айтуынша шаһарда жыл басынан бері 4 мыңнан аса азамат нарықтық сұранысқа ие мамандықтарды игеруге жолданған. Үстіміздегі жылдың 1 желтоқсанына дейін 15 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған. Айта кетейік, шараға психолог-мамандар да атсалысты.Білікті мамандар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға психологиялық тренинг өтіп, олардың қиын-қыстау кезеңнен шығуына кеңестерін берді.

Сұхбат

PhotoRoom