Шымкентте жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2 765 отбасыдан өтініш қабылданды

Рейтинг
13.01.2020, 08:45
Шымкентте жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша 2 765 отбасыдан өтініш қабылданды

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастау алған АӘК жаңа тәртібін кеңінен түсіндіру және Шымкент қаласында атқарылған жұмыстар бойынша баспасөз брифингі өтті.

Брифинг барысында спикерлер -қала әкімінің орынбасары Е. Садыр, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғ. Балтаев, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Д. Беласаров еңбекке қабілетті азаматтарды еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты әділдік пен ашықтық қамтамасыз ету үшін заңға тиісті өзгерістер енгізілгендігі туралы айтты.

Сонымен қатар ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар:

- көпбалалы аналарды қолдау;

- жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмек;

- кепілдендірілген әлеуметтік пакет жөнінде толығырақ түсіндірді.

Қазақстанда 4 немесе одан көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізіліп, олардың табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы төленуде. Бұл көп балалы аналардың беделін мойындап, аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай, тағайындалады:

- 4 балалы отбасыларға – 42500 теңгеден;

- 5 балалы отбасыларға – 53 125 теңгеден;

- 6 балалы отбасыларға – 63 750 теңгеден;

- 7 және одан да көп балалы отбасыларға –74 375 теңгеден төлем жүргізілуде.

Сонымен қатар, әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ету үшін АӘК нағыз мұқтаж, өмірлік қиын жағдайға тап болған және өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс.

Шымкент қаласында жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау 2020 жылдың 5 қаңтарынан басталып, бүгінгі таңға 9 244 адамға консультация беріліп, 2 765 отбасыдан өтініш қабылданды.

Құжат қабылдау 5 мекен-жай бойынша жүргізілуде, атап айтсақ:

1. Нұрсат м.а., Бәйтерекова көшесі № 89. Халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында;

2. Бәйдібек би даңғылы №60. Қаратау ауданы әкімі аппаратының ғимаратында;

3. Тәуке хан даңғылы, №3. Абай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында;

4. Тыныбаев көшесі, №49. Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратында;

5. Толстой көшесі, №119. Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ғимаратында құжаттар қабылдануда.

Сұхбат

PhotoRoom